spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар каникул кезінде қазба жұмыстарына қолқабыс етуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Рухани жаңғыру бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасын жүзеге асыру аясында 2021 жылғы 1 маусымынан – 29 шілде күндері аралығында «Красный Яр» қонысындағы «Ботай» мәдениетін археологиялық зерттеу жобасы аясында  І энеолит кезеңіне жататын қазба жұмыстары жүргізілуде. Оған Зеренді, Жақсы, Атбасар, Жарқайың аудандарынан 60-қа жуық оқушылар қатысуда,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Археологиялық қазба жұмыстарының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді тәрбиелеу, тарих, мәдениет және археология ескерткіштеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады.

Ұйымдастырушы – Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығымен» бірлесіп, Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи- өлкетану музейі».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл археологиялық экспедиция бір айдан астам уақытқа созылып жатыр. Археологиялық экспедиция басталғалы қазба жұмыстарына облыстың төрт ауданынан 60 оқушы қатысты. Жалпы экспедиция барысында көптеген найзаның ұштары,тастан жасалған енбек құралдары, шапқылар, тескіштер, балталар табылды,-дейді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img