spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Ұлы дала жауһары» көрмесі ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Көкшетау-Қазақстанның мәдени астанасы» іс – шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы дала жауһары» көрмесі ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Экспозицияға Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан сармат кезеңінің 300-ге жуық экспонаты қойылған. Олардың қатарында қола қазандар, қыш ыдыстар, қару-жарақ, «Сармат көсемі» археологиялық олжасын қайта жаңғырту және Атырау облысының аумағынан табылған басқа да бірегей заттар бар.

Іс-шара барысында музей қорларынан бес тілде шығарылған археологиялық топтамалардың ғылыми каталогының тұсаукесері өткізілді, сондай-ақ Ақмола және Атырау облыстарының тарихи-өлкетану мұражайлары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға «Алтын адам» экспонатын қайта құру авторы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Қырым Алтынбеков, Миялы қорғандары археологиялық қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, ғалымдар мен Көкшетау қаласының қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қарсы алды.

«Бүгін көрме Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында өтуде. Биылғы жылы мәдени астана деп танылған Көкшетау үшін бұл тарихи-мәдени маңызы бар маңызды жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік беретін бірегей оқиға. Бұл іс-шара Ақмола және Атырау облыстарының мәдениет ұйымдары арасында қол қойылған меморандум аясындағы алғашқы үлкен бірлескен жоба болмақ. Баршаңызға жемісті жұмыс, егемен Қазақстанның өркендеуі жолындағы жаңа жобалардың табысты жүзеге асырылуын тілеймін», – деп атап өтті Айгүл Сәбитова.

Айта кетейік, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары көрмені шілде айының соңына дейін тегін тамашалай алады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img