spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
-2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында волонтерлік дамытудың жаңа жолдары талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкшетауда «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің өкілдері облыстың волонтерлік корпусымен кездесті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің басшысы Татьяна Миронюк, фронт-офистің эсперті Олжас Абдухамитов, облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, түрлі волонтерлік ұйымдардың белсенділері, облыстың аудандары мен қалаларының жастар ресурстық орталықтарының басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар волонтерліктің жол картасын іске асыру, волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеу мәселелерін талқылады, волонтерлікті дамытудың жаңа бағыттары туралы идеяларымен және пікірлерімен бөлісті.

«Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің басшысы Татьяна Миронюк атап өткендей, бүгінде Қазақстанда 600-ге жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Жыл сайын елімізде белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге және мұқтаж адамдарға көмектесуге ниет білдірген еріктілер саны артып келеді.

«Біздің кездесуіміз нәтижелі өтуде. Қатысушылар өз аймағында волонтерлікті жүзеге асыру туралы әңгімелейді, волонтерлік қызметті қолдау стандартына енгізу үшін өз ұсыныстарын енгізеді, волонтерлерді одан әрі дамыту жолдарын ұсынады», – деп бөлісті Татьяна Миронюк.

Кездесу соңында «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің өкілдері аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін есептіліктің жаңа нысандарын ұсыну бойынша оқыту өткізді.

Айта кетейік, ақмолалық еріктілер qazvolunteer.kz еріктілердің бірыңғай онлайн-платформасына белсенді қатысуда, онда 1180 волонтер және өңірдің 90 ұйымы тіркелген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика