spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Сондай-ақ...оқыңыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде өткен «Сыр сұхбат» барысында «Ақмола –  адалдық алаңы» жобалы кеңсесіннің басшысы Самира Тайтенова мен  Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Елдар Әбуев осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Елдар Әбуевтің айтуынша, қазіргі уақытта аймақ тұрғындарын әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Облыс аумағының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азықтүлік базарларында тұрақтылыққа ықпал ету мақсатында өңірде азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. «Қамқор» базарында орналасқан «Есіл» ӘКК павильонында азық-түлікті нарық бағасынан төмен бағада алуға болады.  Сонымен қатар алғашқы қажетті азық-түлік тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктер тізімін жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әкімдікпен азық-түлік тауарларын өндіретін кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетілуде, – деді Елдар Әбуев.

Ал өңірдегі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және «Есіл» әлеуметтік-к»сіпкерлік корпорациясының қызметіне  мониторинг жүргізуге қатысты «Ақмола – адалдық алаңының» басшысы Самира Тәйтенова айтып өтті.

Қоғамдық бақылау кезінде алғашқы қажетті азық-түлік тауарларының рұқсат етілмеген ауқымда сатылып жатқаны анықталды. Бағалау қорытындылары бойынша бағаны негізсіз көтеруге қатысты монполоияға қарсы шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға сараптамалық анықтамалар жолданды, – деді Самира Тайтенова.

Естеріңізге сала кетсек, 31 наурыздан бастап қалада азық-түлік және дәрі-дәрмек сататын сауда орындарынан басқа барлық бизнес нысандары өз жұмыстарын тоқтатқан.   Олардың жұмысы санитарлық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып штаттық режимде жалғастырылады.

Қалада қазір барлық дүкендер, базарлар, гипермаркет және супермаркеттерді қосқанда 515 азық-түліктік сауда орындары жұмыс істеуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img