spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
9.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында кітапханалар онлайн-режимде жұмыс істеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста 242 кітапхана төтенше жағдай кезеңінде онлайн-режимде белсенді жұмыс жасауда. Ғаламтордағы сайттар мен парақшаларда бейнелекциялар, тақырыптық сағаттар мен әдеби шаралар өткізілуде,-деп хабарлайды Aqmola News.
Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК облыс көлеміндегі барлық кітапханалармен байланыс орнатып, бірлесіп түрлі жобалар ұйымдастыруда. Өңір кітапханалары бейнелекциялар ұйымдастырып, авторлардың шығармаларын насихаттау мақсатындағы және балалар мен ересектердің бос уақытында оқуға арналған шығармалар желісіндегі шағынроликтер жасауда.
Атап айтқанда Көкшетау қалалық кітапханалар жүйесі «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз» челенджін жалғастырды.
Степногорск орталық кітапханалар жүйесі жазушылардың мерейтойларына сәйкестендіріп, «Бұл қандай күн?» тақырыбында шығарма мен жазушы туралы мәліметтерді дәстүрлі түрде орналастырып келеді. Сонымен қатар Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз Жеңіс туралы шырқаймыз» атты онлайн ән байқауы өтуде.
Жақсы ауданының ОКЖ-сі «Баубек батыр» фильмін жүктесе, Ақкөл ОКЖ-сі Домбыралы және Наумовская ауыл кітапханаларының жұмысы туралы бейнероликті орналастырды.
Аудандарда «Тірі кітап» жаңа форматында оқырмандарға қызмет көрсетуді белсенді дамытуда. Бұл ретте «Абай және мен» библиостудиясы жұмыс жасайды. Мұнда кітапханашылар, студенттер, оқытушылар бейнеформатта Абайдың, Дулатидың, Есенберлиннің шығармашылығы туралы айтады.
«Тірі кітап» кейіпкерлері бірнеше минутқа автордың өзіне айналады, қызықты кезеңдерден цитаталар келтіріледі, шығарманың сюжеттік желісі туралы баяндалады. Оның барлығы бас кейіпкердің даусымен және сезім ымымен жеткізіледі. Содан соң негізгі шығармаға міндетті түрде сілтеме беріледі.
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Галина Совенкованың айтуынша WhatsApp желісінде облыстағы барлық ОКЖ-нің басшылары шоғырланған топ құрылған. Бұл топта басшылар қарамағындағы кітапханалардың жұмысы мен күнделікті жоспарын талқылайды. Тұрақты бейне лездеме өткізіледі.

– Облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі авторлық шарт жасалған жергілікті жазушылардың цифрланған шығармаларын әлеуметтік желілерге белсенді салып отырады. Фейсбуктағы немесе кітапхана сайтындағы кез келген әлеуметтік желі пайдаланушылары үйінде осы шығармаларды оқи алады, осылайша «Жазушы-жерлестер коллекциясы» 3D кітабы цифрланады. Сонымен қатар белсенді оқырмандарымыз үшін республикада алғашқы 60+ желісі ашылды. Кітапханашылар оқырмандарымызға кітаптарды есігіне дейін жеткізіп береді. Оқырман 25-60-42 телефоны арқылы хабарласуына болады,-дейді Галина Совенкова.

Бұқаралық жұмыс бөлімі «Jandy kitap» челленджін дайындауда, оның аясында Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары оқылады. Фейсбукта және кітапхана сайтында өнер жөніндегі әдебиет бөлімдері композиторлардың өмірбаяндарын қамтитын музыкалық туындылардың құрылу тарихы туралы бейне шолулар жүргізеді.
Сонымен қатар «Классика жаңа форматта» атты онлайн-айдары жүргізіледі. «Полиглот» жобасы аясында жас оқырмандар үшін бейне сабақтар жүргізіледі.
Майра Қуанышқызы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img