spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Шымкентте полицей балабақшадағы 25 бүлдіршінді өрттен құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шымкенттік полицей балабақшадағы 25 бүлдіршінді өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Абай ауданында «Аяулым» балабақшасынан өрт шығып жатыр деген хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына сол әкімшілік аумаққа қарасты учаскелік полиция инспекторы келіп жетеді. Өртенген үйдің жанында балабақша орналасқандықтан, өрттің жалыны сол жаққа қарай бағытталады. Абай АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Тимур Құрмашов өртке оранған үйге бірнеше қайтара кіріп, зардап шеккен адамдарды бірінен соң бірін сыртқа шығарып, өміріне араша түсті.Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы келіп жеткенге дейін полиция капитаны балабақшадағы 25 бүлдіршінді өрттен аман алып қалады. Қазіргі таңда өрттен зардап шеккен ешкім жоқ.

» Үйдің шатырынан өрт шығып жатқанын көріп, адамдарды құтқару керек деп ойладым. Өртеніп жатқан үйдің балабақшаға жақын орналасқанына байланысты ең алдымен ондағы балаларды қауіпсіз жерге көшіру керек болды», – дейді учаскелік полиция инспекторы Тимур Құрмашев.

Өрттен аман қалған тұрғындар полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img