spot_img
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
27.2 C
Kokshetau

Қазақстанда картоп пен сәбіз қашан арзандайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бәрнеше есеге төмендейді деп күтеміз», – деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сәбіз бойынша да осындай жағдай байқалады.

«Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды», – деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізіп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Жасыл ел» еңбек маусымы ресми түрде ашылды

Ақмола облысында жастардың қатысуымен өтетін ең ірі экологиялық әрі еңбекке баулу жобасы – «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымы ресми...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика