Көкшетау маңында трактордың ақаулығынан пайда болған да өртін 100-ден астам өрт сөндірушілер ауыздықтады. Жедел әрекеттің арқасында өртті тоқтатуға және өрттің жақын маңдағы елді мекендерге таралуына жол берілмеді,-деп хабарлайды «Aqmola News»Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орман өрті фактісі бойынша тергеу барысында өрттің себебі Зеренді ауданы тұрғынының өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы болғаны анықталды, атап айтқанда: көлік құралының ақаулығынан дискілі шөп шапқыштан ұшқын шықты.
Құрғақ шөп өсімдіктерінің жануы нәтижесінде ауданы 44 га және «Бұқпа КШШ» КММ, №103 кварталдағы, 41 телімдегі Шағалалы орманшылығының аумағындағы орман өрті, атап айтқанда, жалпы ауданы 1,7 га болатын төмен жылдамдықтағы қарқынды өрт болды.
Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер, сондай-ақ, академия курсанттары, «Шағалалы» Бұқпа орманшылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Локализация уақыты 07.07.2021жылғы 15.40 м, жою уақыты 8 шілде күні таңертең, барлығы 120 адам қатысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыста өрт қауіпті кезең өтіп жатыр, құрғақ және желді ауа райы, сондай-ақ, халықтың отты абайсыз пайдалануы шөптің көптеп жануына алып келеді. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде жалпы ауданы 4700 га болатын бес дала өрті тіркелді, соңғы аптада тек Біржан Сал ауданында 2 ірі дала өрті болды, найзағай разрядының салдарынан өрт бірден құрғақ шөпке жайылды.
Ақмола облысының ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, сондай-ақ шөп жағу және от жағу кезінде жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі