spot_img
Сәрсенбі, Шілде 8, 2026
26.7 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирус індеті таралуының 7 ошағы тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуының 7 ошағы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қазіргі сәтте бізде індет жұқтырудың 7 ошағы тіркелді. Оның екеуі Целиноград ауданында, біреуі Аршалы ауданында анықталды. Бұлардың бәрі Қосшы ауылында қайтыс болған әйелден жұқтырған. Вирустың тағы екі ошағы Целиноград және Шортанды аудандарында тіркеліп, олардың Нұр-Сұлтан қаласында жұқтырғандардан таралғаны белгілі болды. Сонымен қатар Көкшетау қаласында вирус таралуының тағы бір ошағы пайда болды. Бірақ әзірге науқастың індетті қайдан жұқтырғаны белгісіз болып отыр. Коронавирус инфекциясы таралған 5 жұқтыру ошағынан науқастармен жақын қатынаста болғандар толығымен анықталды. Ал екі жұқтыру ошағында науқастармен байланыста болғандарды табу жұмыстары жүргізілуде, – деді Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласы алғаш рет республикалық спартакиаданы қабылдайды

2026 жылғы 11–17 шілде аралығында Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында республикалық спартакиада өтеді. Ауқымды спорттық іс-шараға Қазақстанның...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика