spot_img
Сенбі, Қазан 10, 2026
14.2 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирус індеті таралуының 7 ошағы тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуының 7 ошағы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қазіргі сәтте бізде індет жұқтырудың 7 ошағы тіркелді. Оның екеуі Целиноград ауданында, біреуі Аршалы ауданында анықталды. Бұлардың бәрі Қосшы ауылында қайтыс болған әйелден жұқтырған. Вирустың тағы екі ошағы Целиноград және Шортанды аудандарында тіркеліп, олардың Нұр-Сұлтан қаласында жұқтырғандардан таралғаны белгілі болды. Сонымен қатар Көкшетау қаласында вирус таралуының тағы бір ошағы пайда болды. Бірақ әзірге науқастың індетті қайдан жұқтырғаны белгісіз болып отыр. Коронавирус инфекциясы таралған 5 жұқтыру ошағынан науқастармен жақын қатынаста болғандар толығымен анықталды. Ал екі жұқтыру ошағында науқастармен байланыста болғандарды табу жұмыстары жүргізілуде, – деді Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында рұқсатсыз граффити салудың құқықтық салдары түсіндірілді

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және вандализмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ғимараттардың қасбеттеріне, аялдамаларға, қоршауларға және басқа да...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика