spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Көкшетауда блок-бекеттерде үш мыңнан астам көлік тексерілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының блок-бекеттерінде 3000-нан астам көлік тексерілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 наурыздан бастап карантинге жабылған Ақмола облысында автокөліктердің кіріп-шығуына тыйым салынып, тек алғашқы қажеттілік үшін азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізетін көліктерді ғана кіргізу міндеті қойылған. Ол үшін өңірде 51 блок-бекет қойылып, оның 12-сі Көкшетау қаласының айналасына шоғырландырылған.

Полиция  департаментінің берген мәліметтеріне жүгінсек алғашқы күндері блок-бекеттердегі тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне карантин режимі мен азаматардың міндеттері туралы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Тек 1 сәуір күні ақ блок-бекеттерде 3066 көлік тексеріліп, оның ішінде 155 транзиттік көліктер болды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілер мен жолаушыларды ведомстволық базалық мәліметтер бойынша мекенжайы бойынша тіркеуін, жол жүруге тиісті рұқсат құжатын тексеріп, сонымен қатар әрбір автокөлік пен жүргізушілердің жеке мәліметтерін арнайы журналдарға тіркеу жасауда. Ал медицина қызметкерлері жүргізушілердің дене қызуын өлшеп, сауалнамалар жүргізуде, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика