spot_img
Жұма, Қараша 6, 2026
5.6 C
Kokshetau

Есіл ауданында кезекте тұрған отбасылардың бір шоғыры баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Есіл ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің алғашқы партиясы аяқталып, баспана кезегінде тұрған 32 отбасыға су жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, баспаналы болғандар негізінен көпбалалы отбасылар, жетім балалар, медицина қызметкерлері, білім беру саласының қызметкерлері және тұрғын үйлері апатты деп танылған тұрғындар баспанаға қол жеткізіп отыр. Бұл отбасылар бұған дейін пәтер кезегінде тұрып келген.

«Біз пәтер алғанымызға өте қуаныштымыз. Бес баламыз бар, сондықтан көпбалалы отбасы ретінде кезекте тұрдық. Пәтер маған ұнады, үлкен дәліз, кең бөлмелер мен ас үй бар, мұның барлығы үлкен отбасылар үшін маңызды», – деді көпбалалы ана Қарлығаш Әбдірахманова.

Айта кетсек, ағымдағы жылы «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 45 отбасы пәтер алды.

Биыл тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

Сонымен қатар 2025 жылға дейін Есіл қаласында тағы бірнеше көпқабатты үйлердің құрылысы жоспарланған, бұл аймақтағы пәтер кезегі мәслесін шешуге мүмкіндік береді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика