spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

«Ұлы дала тарихына тағзым!»: Көкшетауда түркі ғалымдары қазақ мәдениетінің озық үлгілеріне тоқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола жерінде  ежелгі тас, темір, қола дәуіріне жататын құнды деректер сақталған. Ал табылған балбал тастар түркі мәдениетінің өткен ғасырлардағы көрінісі. Бұл туралы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала тарихына тағзым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың баяндамасында айтылды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бүгін Көкшетауда «Bolashaq» сарайында елміздің түкпір түкпірінен және шет елдерден тарихшы ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Олардың ішінде ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедияұлы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Жамбыл Артықбаев, Қазақстандық суретші- рестовратор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбеков, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев та бар.

Сондай-ақ онлайн режимде отандық және шетелдік өзге де тарихшы-ғалымдар қатысты.

Конференцияны Баку халықаралық мултикультурализм орталығының кеңесшісі Тофик Мохсен оглу Аббасов ашып, жүргізіп отырды.

Жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ермек Маржықпаев халықаралық  конференцияның Көкшетауда өткізіліп жатқаны зор қуаныш екеніне тоқталып, тарихи орындарды зерттеп-зерделеуде жергілікті ғалымдар айырықша еңбек етіп жатқанын айтып өтті.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Атбасар жерінде жыл сайынғы жазғы жәрмеңке өткізіліп тұрды. Бұл жәрмеңке орта Азиядағы ең ірі сауда ошағы саналды. Оған Ташкенттен, Самархан мен Бұқарадан, Сібірден, орталық Ресейден көпестер келіп кетіп жүрді. Бұл жәрмеңке арқылы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, тұрмыс-салты дами түсті. Ақмола өңірінің қай аймағын алсаңыз да тарихқа тұнып тұр,-деді Ермек Маржықпаев жиында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар өңір басшысы біздің тарихымыз бастауын Қазақстан аумағын мекендеген палеолит дәуіріндегі қауымдастықтардан алатындығын атап өтті.

Біз  неолит мәдениетінің, жылқыны алғаш қолға үйреткен ботайлықтар мен андронов мәдениетінің тікелей ұрпақтарымыз.2018 жылдан бастап, белгілі өлкетанушы, қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы ұйымдастырылып келеді. Бірінші экспедиция Бурабай – Түркістан бағыты бойынша Абылай ханның тұлғасымен байланысты тарихи жерлерді зерттеді. Екінші сапар Көкше жерінен ұлы ойшыл әл-Фарабидің туған мекені – Отырар қаласына дейін ежелгі керуен жолымен өтті. Биылғы экспедиция Шығыс Қазақстанға Абай атамыздың туған жері мен Қазақ хандығының шайқастары өткен тарихи орындарға сапар шегеді,-деді ол.

Содан соң сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедияұлы тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық тарих пен мәдени мұраны зерделеудегі жетістіктерге тоқталды.

Конференцияның қатысушысы археолог Phd докторы Айбар Хасанәлінің айтуынша, табылған жәдігерлер ұрпақ сабақтастығын жалғай отырып, мәдени дамудың үдерісін үзбеуге мүмкіндік береді.

2019 жылдан бастап Ақмола жерінде облыстық әкімдіктің қолдауымен бірқатар архелогиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Солардың бірі Қорғалжын ауданындағы Жәнібек ханның кесенесіне жүргізілген ғалымдардың жұмысы. Бұған қатысты көптеген пайымдаулар айтылуда. 14-15 ғасырларға жатқызылып отырған жәдігерлерге сараптамалар жасалып, біраз қырлары ашылды. Алдағы зерттеу жұмыстары бұл жердің нақты кімге тиесілі екенін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Жақсы ауданындағы Баубек батыр кесенесіне де түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр,-деді Айбар Хасанәлі сайт тілшісіне берген сұқбатында.

Конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев құттықтау хат жолдады.

Онда кешегі тарих пен бүгінгі болмыстың үзілмеуі барша халықтар үшін маңызды екені айтыла келіп, қазақ жеріндегі құндылықтар қасиетінен ешқашан ажырамайтындағы айтылған.

Содан соң онлайн режимде қатысып отырған отандық және шетелдік өзге де тарихшы-ғалымдар да өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, түркі жұртына ортақ мәдениеттің озық үлгілерін атады.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img