spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Арқаның ән дариясы»: Степногорск қаласында дәстүрлі әншілер байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында аймақтық «Арқаның ән дариясы» дәстүрлі әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметі.

Степногорск қаласындағы «Горняк» орталықтандырылған мәдениет сарайында ұйымдастырылған байқау «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінің «Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

«Өнер додасына Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарынан 20 мен 40 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатысып, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Иманжүсіп Құтпанұлы және Үкілі Ыбырайдың шығармаларын орындады. Байқауға Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Саян Мұхамедияр, Президент оркестрінің солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабекова, ҚР еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Бисара Мәкенова қазылық етті», – деді ведомстводан.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Денисламбек Жайлаубай (Аршалы ауданы) Бас жүлдені еншіледі. Ал, Айбала Бейсенова (Целиноград ауданы) жүлделі бірінші орынға ие болса, екінші орынды Төлеген Аманов ( Көкшетау қ.) жеңіп алды. Солтүстік Қазақстан облысынан келген Ғалымжан Нүрпейісов үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға «Рухани қазына-2021» естелік кәдесыйларын табыс етті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img