spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
1.7 C
Kokshetau

Ақмола жастары Елорда күніне орай челлендж бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирустық пандемия қазақстандықтардың күнделікті өміріне түзетулер енгізуді жалғастыруда. Сақталып отырған қауіп жағдайында мәдени-бұқаралық іс-шараларды әдеттегі дәстүрлі форматтарда өткізу тоқтатылды. Қазақстан елордасының күні де ерекше болды. Ақмола облысында мемлекеттік мерекеге арналған іс-шаралардың негізгі бөлігі әлеуметтік желілер мен блог-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн-режимде өткізілетін болады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Осы іс-шаралардың ішінде «Мен Елорда Құрдасымын» атты челленджді өткізуге Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы бастамашы болды.

Ұйым акцияға белсенді қатысуға және оны қолдауға шақырған хабарландыруды өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Челлендждің негізгі идеясы елорданың құрдастары әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды елорда күнімен #Менелордақұрдасымын #Яровесникстолицы #Qazaqstan30 #Aqmola30kz  хэштегтерімен құттықтайды. Барлық видеоны мекеменің аккаунтына орналастырамыз»,  – деді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

Айта кетейік, өңірде елорданың туған күні қарсаңында 1000-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде әлеуметтік нысандар ашу, онлайн форматта түрлі акциялар, конкурстар, көрмелер, викториналар, челлендждер өткізу.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика