spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

«Жизнь после…»: Көкшетауда қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасы туралы фильм жарық көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Кәсіби мерекелері қарсаңында ақмолалық полицейлер қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әріптестері әйелдерінің өмірі туралы түсірген «Жизнь после…» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысы полиция департаментінде Тәуелсіздік жылдары қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оған ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция департаментінің басшылығы, қызметтер мен басқармалардың бастықтары, жеке құрам өздерінің қаза тапқан әріптестерінің жұбайлары қатысты.

Жиналғандар қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Біздің отбасымыз қайғы жұтқан кезде мен екі баламен жалғыз қалдым. Ол кезде кішкентай балам болғандықтан жұмысыз үйде отырған едім. Өмірде көпті көрдім. Жақсысы да, жамандығы да болды»,- дейді Шолпан Тнеева.

Ол қаскүнемді ұстау кезінде қайтыс болған полиция капитаны Николай Тнеевтің жесірі.

Шара барысында «Жизнь после…» фильмі ұсынылды.

Жоба авторлары қызметте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің әйелдерінің қиын тағдырларын көрсетуге тарысқан. Фильм 2 бөлімнен тұрады. Деректі фильмнің екінші бөлімі қаза тапқан қызметкерлердің балаларының тағдырына арналған.

Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндетін орындау кезінде Ішкі істер министрлігінің 800 қызметкері, оның ішінде Ақмола облысының 32 полицейі қаза тапты.

Олардың ішінде Қазақстан Республикасындағы жалғыз әйел, подполковник Ботагөз Магазовна Бижанова бар. Деректі фильмде ақмолалық полицейлердің жесірлері жалғыздық жылдары басынан өткен сынақтар туралы естеліктерімен бөлісіп, оларға қайғы-қасіретті жеңуге және өмір сүруді жалғастыруға не көмектескені туралы айтып берді.

Фильмнің екінші бөлімі қаза болған полиция қызметкерлерінің балалары туралы баяндалады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img