spot_img
Сенбі, Желтоқсан 6, 2025
-1.4 C
Kokshetau

Ақмолалық бишілер Бангкокта өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық бишілер Тайланд астанасы Бангкокте спорттық биден өткен «World Open Kings CUP 2019» әлем чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, жарысқа ҚР Ұлттық құрамасының атынан Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің «Реверанс» спорттық би клубының тәрбиленушілері қатысты.

Оның ішінде Ерқожа Әбілқайыр мен Ясмина Айдарова жұбы екі күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, WDSF жастар арасында Нұрбек Сұлтанов пен Ольга Орлова, жасөспірімдер арасында Владислав Максин мен Дарья Никифорова жұбы жақсы нәтиже көрсетті.

«Реверанс» спорттық би клубының жетекшісі Эльмира Шәріпова атап өткендей, жерлестеріміз екі класс жоғары өнер көрсетті.

«Соңғы жылдары біз аталмыш жарыс деңгейіне сай болу үшін бағдарлама қостық. ТМД елдерінде осы жастағылар арасында би сандарының санаты жоқ», – дейді Э.Шәріпова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика