spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан» атты жылжымалы көрме аймақта бір апта бойы жалғасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы болып өтті.

«Көкшетау – Қазастанның мәдени астанасы» жол картасы аясында Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешені ұсынған көрме Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және жазушы, драмматург, «Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиевтің құттықтау сөзімен басталды.

Үш жүздің басын қосқан, қазақ тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері Абылай хан мен Атығай Қарауылдың бетке ұстар биі Қанай шешен арасындағы достық пен селкеу түспеген сенімділік кешегі тарих беттерінде таңбаланып жазылып қалды.

 

Қанай шешен қазақ халқының қаһарман ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің тоғызыншы атасы. «Есіл-Көкше өңірінің түпкі тарихы бір-бірімен біте қайнасып жатқан, талай ұлыларды дүниеге әкелген қарағайлы-қасиетті мекен. Қос тұлғалық музейді байланыстыратын атақты тұлға Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген Абылай хан» атты көрмемен экскурсовод Назгүл Бейсенбина таныстырды», – деді Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасынның баспасөз хатшысы.

Іс-шараға көкшелік зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жылжымалы көрме маусымның 11- 25 күндері аралығында жұмыс істейді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img