spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола жастары Түркістанның киелі жерлерін аралауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «TÁÝELSIZ JASTAR KERÝENI» жобасы аясында Ақмола облысының жастарына, соның ішінде белсенділер, еріктілер мен түрлі мекемелердің қызметкерлеріне түркітілдес әлемнің ең танымал мәдени-тарихи және Киелі орталықтарының бірі – Түркістан қаласына сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Экскурсия киелі орындарды, қаланың көрікті жерлерін аралаудан, жаңа сәулет нысандарын шолудан, «Жұлдызды кеш» таланттар шеруін, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне экскурсиядан тұратын толық бағдарламаны қамтиды.

«Қазақстанның қуаң даласының ортасында орналасқан Түркістан қаласы-туризм саласы тарихының нағыз сыйы. Мен киелі орындарға барған кезде жоба қатысушылары өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алатынына, басқа қалалардағы әріптестерімен сөйлесетініне, сондай-ақ көптеген жағымды эмоцияларға ие болатынына сенімдімін. Біз осы қасиетті орынға бару мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз», – деді Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

Бұл Ақмола облысының жастары үшін Тәуелсіздік мерейтойында жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың бірі болып табылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында "Жігіт сұлтаны" қалалық байқауы өтті. Байқауға Азаматтық қорғау академиясының, Қорғаныс басқармасының, № 5310 әскери  бөлімінің курсанттары,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img