spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Аршалыда жоғалған бір үйір жылқы Ерейментау ауданынан бір-ақ шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданында далада жайылып жүрген 29 бас жылқы ұшты-күйлі жоғалған. Жылқысынан бір-ақ сәтте айырылып, сандалып іздесе де таба алмаған мал иесі полицияға жүгінуге мәжбүр болыпты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аршалы аудандық полициясына 31 мамыр күні арыз жазған мал иесінің айтуынша 29 бас жылқы 29 мамыр күні үйірімен ізім-қайым жоғалған. Екі күн бойы көрші ауылдардың маңын түгелдей шолып, табанынан таусылғанымен еш нәтижесі болмаған. Содан полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

«Жоғалған 29 бас жылқыны іздеу үшін аудандық полиция бөлімінен екі бірдей жедел іздестіру тобы құрылды. Жылқыларды іздеуге Аршалы ауданы ғана емес Ерейментау ауданының полициясы да жұмылдырылды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 1 маусым күні жоғалған жылқылар Ерейментау ауданының Ақсуат ауылының маңында табылды. Барлық 29 бас жылқы түгелдей заңды иесіне қайтарылды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полиция көп жағдайларда мал иелерінің көп жағдайда малды бақыламайтынын атап өтті.

«Көбінесе меншік иелері қорасындағы малын құлыптамай, малдарын бағусыз әрі қараусыз қалдырады. Бұл мал ұрлығының көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ екенін ұмытпау қажет», – дейді полиция департаментінен.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img