spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда кітапханашы марихуана, фармацевт кодейн препараттарын сатып келген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аумағында өткен «Дәрмек» желе-алдын алу іс-шарасының
4 күні ішінде полицейлер есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы бойынша полицейлер 2 қылмыстық және 6 әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды «Aqmola News».

2021 жылғы 24-28 мамыр аралығында Ақмола облысының аумағында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шараларының екінші кезеңі өтуде. Аталған іс-шара бақылаудағы есірткі құралдарын анықтауға және заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған.
Облыс орталығының емдеу мекемелерінің бірін тексеру кезінде провизордың құрамында кодеин бар препараттардан 79 ампуланы жоймау фактісі анықталды. Провизорға қатысты ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі (есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.
«Әкімшілік заңнаманы бұза отырып, облыстың бес дәріханасында құрамында кодеин бар дәрілік препараттарды рецептісіз босатуға жол берілген. Дәріханалардың фармацевтеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлім (фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Сонымен қатар Көкшетау қаласы кітапханаларының бірінің 50 жастағы қызметкері «марихуана» есірткі құралын заңсыз өткізу фактісі анықталды, оған қатысты ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі «Есірткі құралдарын заңсыз өткізу» бойынша сотқа дейінгі іс басталды.
Полиция аумақтық органдарының қызметкерлері облыс орталығының 9 тұрғынын ұстады, олардан есірткі заттары табылып, тәркіленді. Әрқайсысына қатысты ҚР ҚК 296-бабы «Есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде барлығы 1 емдеу-алдын алу мекемесі, 1 қойма және 5 дәріхана тексерілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img