spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Зеренді көлінде құтқару бекеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылғы 28 мамырда су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Зеренді ауылында құтқару бекетінің ашылуы өтті. Жаз бойы су аумағын ЖҚБ құтқарушылары қадағалайтын болады, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зеренді ауылы суда құтқару станциясының аумағында «Суда абай болыңыздар» баннері орнатылған. Үстелдерде суда құтқару станциясы аумағында авариялық-құтқару жабдығы мен сүңгуір жарақтары, сондай-ақ авариялық-құтқару техникасы, су бетінде жүзу құралдары орналастырылған.

«Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бүкіл Республика бойынша, соның ішінде, Ақмола облысында шомылу маусымы басталады. Қоғамдық құтқарушылар біздің кәсіби құтқарушыларымызға үлкен көмек көрсетеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен біздің құтқару бөлімшелеріміздің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен көңіл бөлінетінін атап өткім келеді. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында туристер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы курорттық аймақты қамтамасыз ету үшін екі құтқару станциясының құрылысы жоспарлануда, – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Іс-шара барысы катерлерді, сүңгуірлік жарақтарды пайдалана отырып жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Зеренді көлінде зардап шеккендерге (шартты) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсете отырып, құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізумен жалғасты.

Одан әрі қоғамдық құтқарушыларға құтқарушылар курсынан өткендігі туралы куәліктер табыс етілді.
Еске сала кетейік, мас күйінде шомылуға болмайды, алкогольдің әсерінен адамдар өз күштерін жиі асыра бағалайды, сондай-ақ, абайсызда кей әрекеттер жасап, өзге де жүзушілерге кедергі келтіреді, бұл көбінесе қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады.


Суда тәртіп ережелерін бұзуға жол бермеңіз, өзіңіздің және балаларыңыздың өміріне қауіп төңдірмеңіз! Барынша ұқыпты болыңыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img