spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Көкшетауда кәмелет жасына толмағандарды психологиялық қолдау қызметі ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының білім басқармасы «Bilim foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп «Мектеп психологиялық қызметі» фронт-офисін ашты,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған фронт-кеңсенің ашылуы кәмелетке толмағандар мен жастарды бейәлеуметтік, суицидтік және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кәсіби қолдауға бағытталған.

Фронт-кеңседе балалармен білікті психологтар жұмыс істейді, әр балаға жеке көзқараспен қарайды.
Білікті көмекке ата-аналар мен мұғалімдер де жүгіне алады, өйткені орталық тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді.
Осындай фронт–офистер Атбасар, Степногорск және Нұр-сұлтан қалаларында ашылған болатын.

«Әр баланың тәулік бойы орталықта қиын жағдайды, зорлық-зомбылықты, суицидтік бейімділікті жеңу үшін көмек пен қолдау таба алатынын, тәулік бойы жасырын түрде қоңырау шалуға болатын «жедел желі» жұмыс істейтінін білуі өте маңызды. Мамандардың көмегіне мұқтаж жасөспірімдер көп, мұны тәжірибе растайды. Демек, өңірде орталық сұранысқа ие болады», – деп сендірді ашылу салтанатында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img