spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

БҰҰ баяндамашысы Қазақстанның адвокаттық қызмет жөніндегі заң жобасына пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желілерде БҰҰ-ның судьялар мен адвокаттардың тәуелсіздігі мәселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Диего Гарсия Саянның «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» депутаттық заң жобасына қатысты теріс бағалауы туралы мәлімдемелері жарияланады.
Осыған байланысты, Әділет министрлігі бұл мәселеге айқындық енгізу қажет деп есептейді.
Іс жүзінде БҰҰ Арнайы баяндамашысы өз ұстанымын 2018 жылы Парламент қараған Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасы бойынша білдірді (заңды әзірлеуші – Әділет министрлігі).
Сол кезде БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысы қойылған сұрақтар бойынша Әділет министрлігі өз хатында жауап жіберді.
Бүгінгі таңда, БҰҰ-ның құқық қорғау механизмдері мен құрылымдарымен сындарлы ынтымақтастықтың қалыптасқан тәжірибесіне сүйене отырып, БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысына заң қабылдаудың практикалық нәтижелері, ағымдағы проблемалар және оларды шешу жолдары туралы ақпарат жолданды.
БҰҰ Арнайы баяндамашысы аппараты қызметкерлерінің өтініші бойынша ағылшын тіліне аударылып, 2021 жылғы 21 мамырда оның кеңсесіне Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі заң жобасы, оған салыстырма кесте және ағымдағы жағдайды талдау (130 бет) жіберілді.
Айта кету керек, БҰҰ Арнайы баяндамашысының Парламент депутаттары әзірлеген жаңа заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының атына ресми түрде қандай да бір сын пікірлері келіп түскен жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика