spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
12.2 C
Kokshetau

Ақкөлде 500 тоннаға дейін сүт өндіретін сүт фермасы салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақкөл ауданында қуаттылығы 300 басқа дейін өсіретін сүт фермасы іске қосылмақ. Қазіргі таңда ферма құрылысы зор қарқын алған, деп хабарлайды «Aqmola News».
Астықпен қатар мал шаруашылығы қатар дамыған бұл өңірде ірі агроөнеркәсіптік кешеннің алға дамуына әсіресе сүтті бағытқа назар аударылды.
Аудандағы іргелі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі «Ақкөл Агро» ішкі нарықты сапалы және табиғи сүтпен қамтамасыз етуді жоспарлапты. Бүгінде 40 бас асылтұқымды ірі қара алған шаруашылық алдағы уақытта мал басын арттыруды көздеген.
«Сүт фермасының құрылысы өткен жылы басталған. Жақын арада тағы 1 млрд теңге сомасына сиыр сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ал 2022 жылдың қаңтар-ақпанында сүт алу көзделген. Сүт өнімдеріне сұраныс Ақмола және Павлодар облысында жоғары екені байқалып отыр», – дейді «Ақкөл Агро» ЖШС-нің директоры Мәди Есқараев.
Өнім көлемі мен мал басын арттыруға кіріскен шаруашылық серіктестігі алдағы уақытта аудандағы ірі сүт фермасына айналуды мақсат еткен. Алдын ала қойылған жоспарлары бойынша ферманың өндірістік қуаты тәулігіне 500 тонна сүттен астам болады деп күтілуде. Кәсіпорын басшысының айтуынша бұл ауыл шаруашылығындағы сүт бағытының дамуына қосқан үлестері болмақ. 
Сүт фермасының құрылысы жылдың соңында аяқталмақ. Қазіргі уақытта Еуропадан симменталь тұқымды сүтті сиырларды әкелу жоспарланыпты. 
Жалпы жыл басынан бері өңделген сүттің көлемі 31,9 мың тоннаға жеткен. Мұнымен қоса 241 тонна сары май, 281 тонна ірімшік пен сүзбе және 1,6 мың тонна қышқыл сүт өнімдері өндірілген. 
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында сап және ән байқауы өтті

Ақмола облысында Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар сериясы басталды. Бүгін ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img