spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Аршалыда сегіз жастағы екі бірдей бала суға батып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданында кәмелет жасына толмаған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат порталының тілшісі.
Соңғы аптада басталған ыстықтар солтүстік облыстағы тұрғындарды су бойын жағалауға алып келді. Өкінішке орай қайғылы оқиғамен аяқталған. Кеше кешкісін 17.23-те Аршалы ауданында полицияның кезекші бөліміне телефон шалған адам №42 разъезде екі бірдей баланың суға батқанын хабарлапты.
«Оқиға орнына дереу Аршалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 1 бірлік техника мен екі адам және полиция бөлімінен бес адам мен бір техника, сондай-ақ Нр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінен төрт адам мен бір бірлік техника аттанған», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.


Анықталғанындай №42 разъезд станциясынан 200 метрдей қашықтықта су қоймасына түскен сегіз жасқа жаңа толған бірінші сынып оқушылары белгісіз жағдайда суға батып кеткен.
«Жағдайды анықтау кезінде куәгер болған қайтыс болған балалардың әкесінің айтуынша, үш бала ата-анасының рұқсатынсыз үйлерінен шығып кетіп, суға түскен. Ал шамамен кешкі 16.30-да кіші баласы әкесіне ағаларының суға түсіп жатып көмек сұрап «құтқарыңдар!» деп айқайлағанын айтқан. Бірден жүгіре жеткен әке судан еш тіршілік белгісі байқалмаған ұлын алып шыққан. Ал шамамен 18.34-те Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар қызметкерлері суға батып кеткен баланың жиенін де алып шығыпты», – деп толықтырды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалған.
Төтеншеліктер адамдардың суға түсу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үйлер мен аулаларды аралап өткендерін атап өтті.
«Тек осы мамыр айында ғана 373 үйді аралап, 429 адам қамтылған. Сондай-ақ үш мәрте жиын өткізіліп онда 44 адам қатысты. Әлеуметтік желілерде және газеттер мен интернет ресурстарда мақалалар орналастырылды. Екі бейне роликтер әзірленіп, 1000-нан астам үгіт-насихат өнімдері таратылды. Оның ішінде дәл осы №42 разъезде де 23 мамырда үгіт-насихат материалдары беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бастысы қауіпсіздік ережесін сақтап, балаларға аса абай болу керек», – дейді ТЖ департаметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img