spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Мәжілісте жас отбасыларды баспанамен қамтудың жаңа тетігі ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлік Өмірғали жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге қатысты ұсынысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың әлеуметтік топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бірнеше бағыттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Осы орайда «Ақ жол» фракциясы жас отбасыларды қолдау мен бала тууды ынталандыруды аса маңызды деп санайды. Қазіргі халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 6-7 адамнан келеді, демография ұлттық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықта маңыздылыққа ие. Бұдан басқа, кейбір бағалаулар бойынша, аумақ ресурстарының толыққанды жұмыс істеуі үшін Қазақстанның шамамен 60 млн халқы болуы қажет. Егер де (1920-30 жылдардағы) өткен ғасырдағы ашаршылық жылдарында қазақтар сан мыңдап қырылмағанда, бізде халық саны осы шамада болар еді. Мемлекеттік бағдарламалар бұл мәселенің маңыздылығын бағаламайды деп санаймыз», – деді Ерлік Өмірғали «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын вице-премьер Роман Склярдың атына жолдай отырып.

Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бірақ ол әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ғана қолданылады.

«Отбасын жаңадан құрған, қол-аяғы сау, бірақ әлі өз баспанасына қаражат жинап үлгермеген жастар не істеуі керек? Олар қашан балалы болады? Көпбалалы отбасылар қайдан пайда болсын? Қазіргі жағдайда Үкімет қолдамаса немесе жағдайы бар ата-аналары болмаса, жас отбасыларда пәтер алуға мүмкіншілігі жоқ. Олар пәтерге ақша жинап болғанда жастары 40-тан асып қалады, бұл жаста көп бала туа алмайсың. Осы уақытқа дейін генетика да нашарлады. Дәрігерлердің айтуынша, ерлер мен әйелдердің үштен бірі 40 жастан кейін және одан да ертерек бедеулікке ұшырайды», – деп тоқталды депутат.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған 7-20-25 бағдарламасы жас отбасыларға белгілі бір қолдау көрсетті. Осы бағдарлама тұрғын үй құрылысын іске асыру және осы секторға жеке инвестицияларды тартуға серпін берді. Бірақ жақында ғана осы және басқа бағдарламаларды тоқтату туралы айтылды, бұл хабар өте түсініксіз реакцияға негіз болды. Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясы жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25 пайыз мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды енгізу туралы 2013 жылда айтылған ұсынысына қайта оралады. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бизнесті кредиттеу кезінде мемлекеттік және жеке мүдделерді ұштастыру құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Бұл табысты тәжірибені әлеуметтік бағдарламаларға да тарату керек деп санаймыз. Сонда екі баласы бар отбасы мөлшерлеменің жартысын төлейді, ал үлкен отбасы, күтілгендей пайызсыз баспана алады. Бұл қадам жас отбасыларды бірден балалы болуға ынталандыруға мүмкіндік береді, ал екінші деңгейдегі банктер ипотеканы белсенді түрде кредиттеуге мүмкіндік алады», – деді Ерлік Өмірғали.

Оның пайымынша, егер субсидиялар мүмкін болса, жас отбасылар ең болмағанда бірінші кезеңде несие төлеу үшін жұмыс істеуге және ақша табуға тырысады, сондай-ақ бала туған сайын отбасылық бюджетке жүктеме азаяды. Қазіргі тәжірибенің орнына, ұсынылып отырған бұл тәсіл тұрғын үйге бола ажырасу жағдайлары өршіп бара жатқан сәтте отбасы институтын нығайтады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img