spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
10.3 C
Kokshetau

Үндістан Қазақстан жіберген гуманитарлық көмекті жоғары бағалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Үндістан осы елде жақында коронавирустың өршуіне қарсы тұру үшін достас Қазақстан жіберген гуманитарлық көмекті жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, бірқатар үнді компанияларының басшылығы Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігіне өз хаттарын жолдап, бүкіл әлем үшін осындай қиын уақытта ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

«2021 жылғы 13 және 14 мамырда Қазақстаннан жеткізілген медициналық көмек көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесетіні сөзсіз. Үндістер бұл асыл ишаратты әрқашан есте сақтайды» деп көрсетілген хатта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нью-Дели әуежайына жалпы салмағы 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жүгі бар екі қазақстандық әуе кемесі келді. Онда денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық өндіруші компаниялардың медициналық маска, респиратор, қорғаныс костюмі және өкпені жасанды желдетудің портативті аппараттары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 4 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге жолдау жіберген, онда «Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген» болатын.

Ал 7 мамырда Қазақстан Үкіметіне үнді тарапына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қазақстан мен Үндістанды екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достық пен өзара жанашырлық рухында стратегиялық әріптестік қатынастар біріктіретінін атап өткен жөн.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img