spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы Катардағы оқу ақысы 8000 $ болатын курстың грантын ұтып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Е» сынып оқушысы Алихан Қалибаев Катардағы Солтүстік-Батыс университеті дайындық курстарының бағдарламасы үшін 8000 $ толық грантын ұтып алды,-деп хабарлайды «Aqmola News» мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш жазғы курстарда оқушылар жарқын оқиға жасау үшін дыбыс, жарық, монтаж және кинематографияның қалай қолданылатынын білетін болады.

Курс 1 аптаға созылады деп жоспарланған. Оның барысында қатысушылар өз күштерін кино саласында байқап, алғашқы қысқа метражды фильмдерін жасап көреді.

«Мен бұл курсқа қатысу үшін өзімнің марапаттарымды, сыныптан тыс іс-шаралардағы жетістіктерімнің тізімін, табельдерімді, ұсыныс хаттарын және т.б. қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына жіберген болатынмын. Ұсыныс хаттарын жазып, табельдерді беріп, қолдау білдірген мектебіме айтар алғысым зор. Меніңше бұл курс – керемет тәжірибе. Осы курсқа дайындалу барысында университетке түсу алдындағы дайындықтың қалай болатынын аздап сезінген сияқтымын. Бұл мен үшін үлкен жетістік!»,-дейді Алихан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика