spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.2 C
Kokshetau

Қазақстан мектептеріне мамандандырылған күзет қойылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Енді Қазақстандағы білім беру нысандары мамандандырылған күзет бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде білім беру ұйымдары террористік тұрғыдан осал нысандар санатына жатқызылған. Мамырдың басында Үкімет қаулысымен осындай нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Қаулы 6 мамырда қабылданды.
Егер бұрын бұл талаптар ұсыным сипатында болса, енді білім беру нысандары міндетті түрде: бақылау жүйелері; персонал мен келушілерді хабардар ету құралдары; «дабыл түймелері», мамандандырылған күзет, рұқсат беру жүйелерімен жабдықталады», – деді Мұрат Баймұқашев брифингте.

Ол ірі қалаларда мамандандырылған жеке күзет ұйымдары тартылатынын айтты.
ІІМ деректері бойынша, білім беру мекемелері 11 өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда күзет фирмаларымен шарт жасасқан. Бүгінде олар 408 мектепті күзетеді.
Білім министрлігі тиісті нұсқаулық әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, ол терроризм қаупі туған кезде педагогтер мен оқушылар әрекеті тәртібін де қамтиды.

«Қазандағы оқиғаларға байланысты министрлікте ішкі істер органдарының басшылығымен шұғыл кеңес өткізілді. Ұлттық білім беру жүйесі мекемелерінде балалар мен ересектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде білім беру органдарымен бірлесіп, бүкіл мектеп терроризмге қарсы қауіпсіздікке тексеріледі. Жақында бұл жұмысты аяқтаймыз», – деді ол.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img