spot_img
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
5.2 C
Kokshetau

2026 жылдан бастап «Протон» зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр.

«Жалпы, «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруды қысқартуға тоқталсақ, 2016 жылы тиісті уағдастыққа қол жеткізілді. Осы орайда жыл сайын «Протон» зымыран-тасығышы бес реттен артық пайдаланылмайтыны және 2026 жылға қарай бұл зымырандарды пайдалану толықтай тоқтатылатыны ескерілген», – деді министр депутаттардың сауалына жауап бере отырып. О

ның сөзіне қарағанда, 2020 жылы «Протон» зымыран-тасығышы бір рет ұшырылған. Ал 2021 жылға аталған зымыран-тасығыш бойынша Ресейдің жоспары әзірге ұсынылмаған. «Қазір жылына бес рет пайдалану көрсеткішіне жетпейді. Олар бұл зымыран-тасығыштарды ұшыруды өздері қысқартып жатыр», – деді Бағдат Мусин.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика