spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі COVID-19 емі туралы зерттеуді бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі COVID-19-ды емдеу үшін жасалған моноклоналды антидене – «сотровимабты» (VIR-7831) нақты уақыт режимінде тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Зерттеу 6 мамырда Еуроодақтың COVID-19-ды емдеу стратегиясының таныстырылымынан кейін бірден басталды. Бұл – 2021 жылы COVID-19 терапиясын жеті зерттеу аясында стратегияның мақсатына жетудің алғашқы қадамы болады.

Бұл туралы Еуропалық комиссия мәлімдеді. Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі коронавирусты емдеуде сотровимабты, оның қауіпсіздігі мен сапасын зерттей бастайды. Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің жылжымалы шолу режимі әдеттегі бағалаудан гөрі жылдамырақ, өйткені дәрі-дәрмек туралы мәліметтер қолжетімді болған кезде талданады. Егер дәрі-дәрмектер агенттігі сотровимабпен емдеуді мақұлдаса, Еуропалық комиссия оны Еуропа одағында авторизациялау және қолдану шараларын қабылдайды. ЕО терапия стратегиясы маңызды COVID-19 терапевтикалық құралдарының дамуы мен қолжетімділігін қолдайды және дәрі-дәрмек өндіру, зерттеу, әзірлеу және өндіруден бастап сатып алу мен орналастыруға дейінгі циклды қамтиды.

Стратегия Еуропалық денсаулық сақтау одағы жобасының бір бөлігі саналады. Ол ЕО барлық елдерін денсаулық дағдарыстарына жауап беру және COVID-19 емдеуге қажетті терапия әдістерін қоса инновациялық медициналық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін біріктіреді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img