spot_img
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
16.2 C
Kokshetau

Атбасар ауданында жазасын өтеушілердің басым көпшілігі ораза ұстаған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Атбасар ауданында ЕЦ-166/4 түзету колониясындағы сотталушылар да Рамазан айына орай түгелдей ораза ұстаған. Бүгін аудан орталығында мешіт имамының қатысуымен сотталушыларға арналған ауызашар ұйымдастырылды, – деп  хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

«Барлық сотталушылар түгелдей ораза ұстауға ниеттенген. Олар Рамазан айы басталмастан бұрын колония әкімшілігіне жүгінген еді. Әрине, заңмен бекітілген күн тәртібін сақтай отырып, ешкімге қарсылық білдірмей ораза ұстауға рұқсат берілді», – дейді түзету мекемесі бастығының орынбасары Жеңіс Ыбыраев.

Рамазан айының аяқталуына бір аптаға жуық уақыт қалғанда түзету мекемесі аудандық мешіт имамы А.Чопабековтың қатысуымен ауызашар абақтыда да өткізілді. Имам сотталушыларға Рамазан айы жайлы толығырақ түсіндіріп өтті.

«Рамазан айының соңғы он күні құлшылық етудің негізгі он күндігі болып табылады. Дәл осы күндері қасиетті Қадір түнінде Құранның алғашқы сүрелері түсті», – дейді имам.

Түзету колониясындағы сотталушылардың ораза ұстауын мекеме басшысы жақсылықтың нышаны екенін жеткізді.

«Бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жүргендер Жаратушыға жиі жүгінетіні түсінікті жайт. Олар өткен тағдырында жасаған қателігінен сабақ алып, өз өмірін жаңа парақтан бастағысы келеді. Өмірге көзқарасы мен ойлары өзгеріске түсіп, осындай қадамдарға барады», – дейді Жеңіс Ыбыраев.

Өз кезегінде сотталушылар да мұсылмандар ораза ұстайтын Рамазан айында ауызашар ұйымдастырғаны үшін колония басшылығы мен мешіт имамына алғыс айтты.

«Бүгінгі таңда COVID-19 індетіне байланысты осыншалықты қиындықтарға қарамастан бізді ұмытпай мекеме қызметкерлері мен мешіт имамының жоғары деңгейде ауызашар өткізгеніне қатты разы болдық. Қасиетті айда тілеген біздің дұға-тілектеріміз Жаратушымен арамызды одан сайын жақындастыруға септігін тигізеді», – дейді сотталушылардың бірі Марат.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы өткізілді

«Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы: таза болашаққа қадам. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы Восточная көшесі бойында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика