spot_img
Сенбі, Маусым 13, 2026
22.3 C
Kokshetau

Бокстан әлем чемпионы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болды. Былғары қолғап шебері кеше Шортанды ауданы әкімінің өкімімен жоғары лауазымды қызметке тағайындалды,деп хабарлайды «Aqmola News».
Осыған дейін ел қоржынына бокстан Азия чемпионатының және әлем чемпионатының алтындарын салған боксшы енді өзін мемлекеттік қызмет саласында бағын сынап көруді жөн санапты.
Мерей Төлегенұлы Ақшалов 1988 жылдың 8 мамырында бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Еуразия гуманитарлық институтын және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Қаржы», «Құқықтану» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Азия және әлем чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері.
Еңбек жолын 2007 жылы «ТШНК и СР» РМҚК бокстан нұсқаушы-спортшы болып бастады.
2009-2012 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының жекпе-жек клубтарының спортшысы болды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін елорданың мемлекеттік және мемлекеттік емес дене шынықтыру және спорт ұйымдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Ағымдағы тағайындау күніне дейін Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Үйленген, төрт баланың әкесі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика