spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада кәсіпкер демалыс орнын аурухана жасауға бермек

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімдігі белгілі қоғам белсендісі, кәсіпкер Арман Шураевтың коронавирус инфекциясымен күреске «Aurora Garden» демалыс орталығын ұсыну туралы бастамасына қолдау көрсетті, деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сүлен Ілиясовтың айтуынша демалыс орны аудандық ауруханаға кіріктіріледі.

Қазір біз дәрігерлер мен орташа медициналық персоналдың қажетті санын есептеуді жүргізудеміз. Жеткіліксіз болған жағдайда біз Көкшетау қаласы және Сандықтау ауданының емдеу мекемелерінен мамандарды тарту мүмкіндігі бар. Бұл біз үшін өте құнды көмек. Осының арқасында біздің дәрігерлер азаматтарымызды емдеуге және өмірін сақтай алады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар Сүлен Ілиясов денсаулық сақтау министрлігі тамақпен қамтамасыз етуді өз мойнына алатынын хабарлады. Өз кезегінде «Aurora Garden» демалыс орталығы карантинге қажетті барлық жағдайды ұсынатын болады.

Телефонмен әңгіме барысында Арман Шураев бұл шешімге оның отбасының өзінің шағын отанына көмек көрсету ниеті себеп болғанын атап өтті.

Біз 100 орынды тегін беріп өзіміздің қолдан келгенше үлесіміздсі қосқымыз келеді, – деді кәсіпкер. Бұл туралы Арман Шураев өзінің Facebook парақшасында да жариялаған болатын.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img