spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында шығарылатын минералды мақтаға шетелден сұраныс артты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында технологиялық құрылыс материалдарының өндірісі артып келеді. Үлкен сұраныс энергия үнемдейтін технологияларға бағыт алуына және «жасыл» экономикаға біртіндеп көшуіне байланысты, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Өңірде осындай жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибе бар. Ерейментау және Целиноград ауданында жел электр стансаларын салу бойынша бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Аршалы ауданында қуаттылығы 100 МВт болатын ірі жоба жүзеге асырылып келеді. Ал Макинск қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында минералды мақта, технологиялық өнім шығаратын зауыт жұмысын қайта бастады, оған ішкі нарықта ғана емес, шетелден де сұраныс артып келеді.

«Біз өз өнімімізді негізінен Қазақстанның өңірлеріне жеткіземіз. Соңғы кездері Орта Азия елдеріне, яғни Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдерге өнім экспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Манатбек Бақтыбаев.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауытта 170-ке жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылардың көпшілігі жергілікті тұрғындар. Бұл кезеңде өндірістік қуаты айына екі мың тонна дайын өнімді құрайды, кейіннен үш мың тоннаға дейін ұлғайтылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img