Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы және «Алтын Емел» Шаңырағының оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Илья Тимофеевич Марченконың қайтыс болуына байланысты, оның туыстарына көңіл айтады.
«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасының аясында мектеп оқушылары 8 жыл бойы ардагерге қолдау білдіріп келді. Осы уақытта Шаңырақ құрамының бірнеше рет өзгергеніне қарамастан, ардагерге оқушылардың барлығы да тез бауыр басып кетті. Біз Илья Тимофеевичке әр мереке сайын барып, азын-аулақ сыйлығымызды тарту етіп, құттықтайтынбыз. Мектепке жиі келетін ол білім ордасында өтетін іс-шаралардан керемет әсер алатынын жасырмайтын. Біз ардагердің әңгімелерін тыңдағанды жақсы көретінбіз және қолымыздан келгенше көмектесуге қашан да дайын болдық. Бізбен бөліскен өмірлік тәжірибесін, айтып отыратын құнды ақылдарын ешқашан ұмытпаймыз!
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі