spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Тақия, жейде, көйлек: Көкшеге Қажымұқанның шөбересі жәдігерлер алып келді (ФОТО)

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылы 7 сәуірде қазақтың аты аңызға айналған балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовқа 150 жыл толды. Осыған орай Көкшетау қаласы «Достар» мәдениет сарайында сурет көрмесі ұйымдастырылып, балуанның сақталған марапаттары мен жеке заттары қойылды. Көкше жеріне жеткізілген жәдігерлермен Қажымұқанның тікелей ұрпағы, шөпшегі Меруерт Ескермес таныстырды, – деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойы аясында ұйымдастырылған көрмені облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мен  көкшелік зиялы қауым өкілдері келіп тамашалады.

Меруерт Ескермес Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт музейінің ғылыми қызметкері. Оның айтуынша музей қорында балуанға қатысты 130-дан астам жәдігер сақтаулы тұр.

Қажымұқан бабамыз көзі тірісінде 4 әйелмен некелескен. Бұл әйелдерінен бары 3 ұл бір қызы болған екен. Біз бабамыздың әмеңгерлікпен қосылған үшінші әйелінен туған балалардың ұрпағы боламыз. Бүгін Көкше жеріне атамыздың 150 жылдық мерейтойы аясында оның қолданған жеке заттары мен балуанның ғұмырынан сыр шертетін сурет көрмесін алып келдік,-дейді Меруерт Ескермес.

Ең қызығы Қажымұқан Мұңайтпасов 70 жасқа дейін құжатсыз жүріпті. Күрестің классикалық түрімен айналысқан ол шет елде өткен барлық додалар мен жарыстарға, жаттығуларға ешбір құжатсыз ақ барыпты.

Бұдан әрине, қазақ балуанының абыройын әлем білетінін аңғару қиын емес.

Мәдениет үйінің көрнекі залына қойылған көрмеден Қажымұқанның Абайдың ұлы Тұрағұлмен, шәкірті Көкбаймен және қазақтың бұлбұл үнді әншісі атақты Әміре Қашаубаевпен түскен суретін көзіміз шалды.

Әйгілі балуан бұл кісілермен көзі тірісінде пікірлесіп, достық қарым-қатынаста болған екен.

Меруерт Ескермес Қажымұқанның тері сіңген, өзі қолданған жеке заттарын да көрсетіп өтті.

Көрмеге қойылған Қажымұқанның сүртінген орамалының ұзындығы 2 метр, ені 1,30 см.

Балуанның шөпшегінің айтуынша, 1941-1945 жылдарындағы соғыс жылдарында Қажымұқан 75 жаста болған.

Ол ел аралап кір тасын көтеріп, 20-ға жуық адамды арбаға салып тісімен сүйреп, кеудесіне ауыр тасты қойдырып шойын балтамен ұрғызып сындыртқан. Осылайша ол қазақ цирк өнерінің дамуына да үлесін қосқан.

Оның ел аралап ақша жинауда өз мақсаты болды. Сөйтіп бабамыз 100 сом ақша жинап, өз қаражатымен арнайы майданға ұшақты сатып алып, сыйға тартты. Оның бұл ерлігін бас қолбасшы Сталин бағалап, арнайы жеделхат пен медаль жолдады,-дейді Меруерт Ескермес.

Бұл жеделхат мәтінінде Сталин Қажымұқанның екі өтінішін ресми  түрде орындайтынын мәлімдеген.

Оның бірі ұшақтың сыртына қазақ даласының батыры – Амангелді Имановтың есімі жазылатындығы болса, екіншісі техниканы тізгіндеуші тек қазақ баласы болатындығы айтылған.

Кейіннен расында да оның бұл екі тілегі де орындалып, жүзеге асырылды.

Осылайша, майдан даласына тарту еткен Қажымұқанның ұшағымен Қажытай Шалабаев есімді қазақ жауынгері ұшқан.

Бүгінде Семей өңірінде Қажытай Шалабаевтың ұл қыздары әуе тасымалы саласында қызмет істейді.

Көрмеге сонымен қатар Қажымұқанның қол қоржыны қойылды. Оған балуан ел аралаған кезінде азық түлігін, құрт-майын салып жүрген екен.

Қажымұқанның тақиясы, жейдесі және шалбары да көрмеден орыналды. Бұл толық костюм жиынтығын Қажымұқан арнайы тіктірген екен.

1945 жылы Шыңғыстауда Абайдың 100 жылдық мерейтойы тойланды. Оған Қажымұқан арнайы шақыртылды. Жиналған халық балуаннан бұл киімдерді тәбәрік ретінде беруін сұраған. Сөйтіп халық бөлісіп алмақ болған кезде  біраз жыртылған. Сол себепті бұл киімдер қалыпқа келтіру жұмыстарынан өткізілген,-дейді Меруерт Ескермес.

Еске сала кетсек,  бүгінде балуанның мерейтойын мерекелеу жұмыстары республиканың барлық аймағында бастау алды.

Дәл осы күні Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Ақмола облысы Zoom бағдарламасында атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн конференциясы өткізілді.

Қажымұқан Мұңайтпасов Ақмола облысы Қараөткел ауылында туған. Ол 1908 жылы алғаш Кельнде өткен додада «Әлем чемпионы» атағын жеңіп алған.

17 жасынан бастап күреспен кәсіби түрде шұғылдана бастаған балуанның әлемнің 54 елінде өткен жарыстардан алған 48 медалі мен ордені болған.

Шөбересінің айтуынша, аштық кезеңдерінде бұл медельдарды Қажымұқан көмек ретінде көпшілікке таратып жіберген.

Ол Француз күресінен де әлем чемпионы болды.

Жауырыны жер иіскемеген алғашқы қазақ балуаны классикалық күрес түрінен де бірнеше дүркін әлем чемпионы атанды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img