spot_img
Сейсенбі, Маусым 30, 2026
13.3 C
Kokshetau

Көкшетауда «Арбат» сауда үйіне бомба қойылды ма?

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы ірі сауда орталықтарының бірі «Арбат» нысанында бомба қойылғаны туралы телефон хабарламасы түсті, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Полицияға телефон шалған адам нысанның миналанғанын хабарлаған. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті мәлім етті.

«Бүгін кешкі сағат 20:33-те полиция департаментінің кезекші бөліміне төтенше жағдайлар департаментінен хабарласып, белгісіз біреудің «Арбат» сауда үйіне мина қойылғанын хабарлағанын айтты. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы атанды. Бірнеше автопатрульді көліктер мен жаяу жасақ барды. Шамамен жүзден астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ғимаратты тексеріп, жарылыс техникалары жұмыс істеуде», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір телефон шалған адамның кім екені анықталып жатыр. Абырой болғанда тексеріс барысында ешқандай қауіп болмаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика