spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
10.9 C
Kokshetau

Көкшетауда темір тағаны июден рекорд жаңартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда таға июден Қазақстанның рекорды жаңартылды. Жеңімпаз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және күш атасы – Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен облыстық турнир барысында анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серіп Сәпиев, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысқан іргелі спорт шарасы Қажымұқан ауылындағы балуанға қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталды.
Турнир кезінде Күш атасы – Қажымұқанның ізін жалғаған білекті жігіттердің күші сыналды. Күшімен әлемді мойындатқан әлемнің 4 дүркін, Қазақстанның 12 дүркін рекордшы чемпионы – Сергей Цырульников кезекті рекордын орнатты. Ол әрбіреуі 1 тоннадан асатын төрт тағаны 37 секунд ішінде иіп тастап, Қазақстанның жаңа рекордын белгіледі.
Осыған дейін бұл рекордты Қазақстанның рекордтар кітабына енген Қуандық Құдайбергенов тіркеген. Ал аталмаш рекорд 2009 жылы Еуропада орнатылған. Онда қазақстандық атлет қос тағаны 49 секунд ішінде иген еді.
Сергей Цырульников – Ақмола облысының Шортанды ауданының тумасы. Күш өнерімен әлемді шарлаған Сергей мұнымен қоса волейбол және пауэрлифтинг бойынша спорт шеберіне үміткер. Қазақ балуандары Балуан Шолақ пен Қажымұқанның ізін жалғап келе жатқан күрделі трюктерді орындайтын спортшы. Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының экс-офицері. 2017 жылдан бері төрт жаққа тартып тұрған аттарды тік көтеріп алған қауіпті трюктерді орындап келеді. Аталған өнерімен Сергей тағы бір мәрте Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.
2019 жылы ол салмағы 148 тонналық дизельді тепловозды бірнеше метрге дейін сүйреп тастаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img