spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмолада Ораза айына әзірлік басталып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мұсылман қауымы Рамазан айына әзірлікті бастап кетті. Бірер аптадан соң мыңдаған адам ауыз бекітіп, ораза ұстайды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Науан хазірет мешітіне жиналған облыс аудандары мен қалалары имамдарының басқосуында Ораза айы кеңінен әңгіме өзегіне айналды. Жиында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы пандемия кезінде ораза рәсімдерін өткізудің жай-күйіне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде қаралған мәселелерді ортаға салды.
Науан хазірет мешітінің бірінші наиб имамы Серік Халиков Мүфтият тапсырмасы жөнінде хабарлама жасады. Ол, жеті бағыт бойынша сала басшылары жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алда атқарылар іс-шаралар жөнінде ой бөлісті.

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, ораза кезіндегі көпшілік іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылады. Атап айтқанда, мешіттерде тарауық намаздары санитарлық ережелерге сай және қысқа сүрелер оқу арқылы өтеді, – деді Серік халиков.

Мешіттің бас имамы коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттігіне ерекше тоқталып, өңір имамдарына тиісті тапсырмалар берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әуелі партизан, кейін пулеметші болған бұландылық майдангер

Күндей күркіреп өткен екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталуын барша халық асыға күткен еді. Сол бақытты күнге қол жеткен мамыр...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img