spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Ақ жүректі мейірімді жандар, көмектесіңіздерші»: Алинұрдың еміне қаражат қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының тұрғыны Айгерім Қайыржанқызы 2 жасар ұлының Швейцариядағы емі үшін ақмолалықтардан және ел тұрғындарынан қаржылай көмек сұрайды. 2020 жылдың тамызында кішкентай Алинұрға дәрігерлер ретинобластома (көздің қатерлі ісігі)  диагнозын қойған екен,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Анасының айтуынша, ең алғаш баланың көз торында ақ дақтар пайда бола бастаған. Мұны байқаған ата анасы Алинұрды  акулист маманына көрсеткен. Алдымен Елордаға, ондағылар шет елден ем алуға шешім қабылдаған.

Біз содан соң Ресейге барып химия -терепиялық ем алдық. Қазір ай сайын  Швейцарияға, Лозанна қаласына Джулес Гонин клиникасындағы профессор Ф.Муньеге емделуге барамыз. Жолға, ондағы күнделікті өмірге, дәрі-дәрмекке кететін шығын да оңай болмай тұр,-дейді Айгерім Қайыржанқызы.

Шет елдік дәрігерлер Алинұрдың емдеу қаражатын швейцариялық 60 000 франкке бағалап отыр екен, яғни біздің төл теңгемізбен 28 миллион теңгеге жуық.

Біз бұған дейін химиотерапияның 3 курсын, химия түрінде көзге инъекция жасайтын 9 курсты, Крио және термоөңдеу;, сансыз МРТ, КТ (анестезиямен), ультрадыбыстық және рентген процедураларын өттік. Көптеген антибиотиктер және басқа да қосалқы препараттарды қабылдадық. Алдымызда әлі де өтуге тиісті кешенді емдеу курстары тұр,-дейді Алинұрдың анасы сұқбаттасу кезінде.

Баланың анасы сөз арасында ем қабылдап жатқан клиникаға 2 миллион 800 мың теңге қарыз екендіктерін жеткізді.

Уақыт өте аз қалды. Менің кішкентай Алинұрыма көмектеріңізді аямаңыздаршы! Барлық қамқор, мейірімді жандардан өтініп сұраймын, біз үшін сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды,-дейді Айгерім Қайыржанқызы.

Бір қуантарлығы,анасының айтуына қарағанда, алып жатқан емдерден нәтиже байқала бастаған. Тек емді тоқтатпай, аяғына дейін жеткізу маңызды.

Реквизиттер:
– Kaspi Gold 4400 4301 1450 9810)
(87763901993 Айгерім Қайыржанқызы)
– Halyk Bank 4405 6375 5383 7057
– Сбер Банк (Ресей, РФ азаматтары үшін)
4817 7602 6706 7688 (анасы)

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img