spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
12.2 C
Kokshetau

Ақмолада онлайн қызмет көрсету сайты іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы әкімдігімен https://help24.kz/ сайты іске қосылды. Арнайы интернет ресурс Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында жасалған, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Аталған бастама ең алдымен облыс орталығы тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет тізімін шоғырландыруға бағытталған.

Интернет ресурс азық-түлік, дайын тамақтар, дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия және басқа да қажетті тауар түрлерін жеткізуге арналған. Сайт қолданушыларына ыңғайлы болуы үшін такси қызметіне де онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі қосылған.

Мұнымен қоса еліміздегі және өңірдегі коронавирус инфекциясы жайлы барлық өзекті ақпараттармен танысуға болады. Ал елдегі төтенше жағдай кезінде қолұшын созуға ниет білдіргендер сайта онлайн-өтінім қалдыра алады. Тұрғындар вирустық инфекция бойынша өңірлік штаб жиналыстары туралы жедел ақпаратпен таныса алады.

Сайт жасаушылар сайтта әрбір кәсіпкер өз мәліметтерін сайтқа толтырып, өзінің жеткізу қызметін жолға қоюға мүмкіндік беруді жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика