spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Атбасарда 67 үйді су басуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Су тасқыны биыл ақмолалықтарды әбден әбігерге салатын түрі бар. Өйткені облыста 125 елдімекенге су басудың нақты қаупі төнген. Солардың бірі жыл сайын орасан шығынға ұшырап, жүздеген үйлері тасқын судан қираған – Атбасар ауданы. Соңғы мәрте Атбасардағы су тасқыны 2017 жылы тұтас елге мәлім болған. Сол жкезде қаланың өзін қызыл су басып, 700-ден астам адам баспанасыз қалған. Осындай алапат шығыннан кейін бұл аудан көктемгі су тасқынына ерекше әзірленеді. Су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың біріне «Aqmola News» тілшісі де қатысып қайтты.

Жылда су тасып елдің іргесіне дейін су жайылғанымен, олардың ең ірілері 2009, 2014 және 2014 жылдары болды. Ақмола облысының бас құтқарушысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, биыл дәл сондай ауыр жағдай тағы қайталануы бек мүмкін.

«Гидрологиялық мәліметтер бойынша орташа көпжылдық мәні биыл 16 пайызға жеткен. Ауа райын зерттейтін мамандар болжамына қарағанда қазіргі жағдай 2017 жылғымен ұқсас. Біз ең қиын да күрделі жағдайға әзірленіп жатырмыз. Біздің барлық күш-құрылымдарымыз бен техникаларымыз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жоғары сақадай-сай әзірлікке көшірілген», – дейді Нұрлан Атығаев.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының айтуынша бүгінде еріген қар суларын қауіпсіз өткізу бойынша алдын алу шаралары басталып кеткен.

«Біз Жабай өзенінің бойында бұрғылау және жару жұмыстарын жүргізудеміз. Атбасар ауданы бойынша 16 су учаскелерін жаратын боламыз. Көктемгі су тасқынына мұнда өткен жылы-ақ дайындық шаралары басталған. Су тасқыны қаупінің алдын алу үшін Жабай өзенінің жағасын жабайы өсімдіктерден тазартып, жағасын нығайту,  құм салынған қаптардан бөгендер тұрғызу жүргізілді», – деп толықтырды Нұрлан Атығаев.

Ал сәуірдің басынан бастап Атбасарға қосымша күш тарту мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен сегіз техника бірлігі мен 16 құтқарушы жіберілмек. Ал «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 5-6 сәуір күндері ауа райы жылынып, қар күрт ерімек. Жұмыстар өзен бойында ғана емес қала ішінде де қауырт тірлікке көшіпті.

«Қарды барынша қала сыртына шығарып, арықтар мен жолдарды аршып жатырмыз. Қазіргі уақытта аяқтауға таяп қалдық. Егер қаладағы тұрғын үйлерді су басып жатқан жағдайда суды арнайы техникалардың көмегімен сорып төгеміз. Қазір 10 автокөлік тоқтаусыз жұмыс істеуде. Төрт бірдей жасақ құрылған. Тәулік бойы жұмыс істеудеміз», – дейді Атбасар қаласының әкімі Марат Асқаров.

Дегенмен Атбасарда әлі де болса 67 үй тасқын судың астында қалуы мүмкін. Сондай-ақ, қалың қардың құрсауында қалған 500 үй қауіпсіз аймақтарға көшіріліпті. Су басатын аймақта Атбасар қаласының №1 орта мектебі де қалыпты.

«Аталған аумақ су басу қаупі ерекше қауіпті аймақта орналасқан. Біз жасанды кедергілер жасап, қаппен қоршаулар тұрғызып жатырмыз. Қаптарға инертті материалдар мен құм толтырылды», – дейді қала әкімі.

Мектепке жақын тұратын тұрғынның бірі Светлана Дроздованың айтуынша оның үйінің айналасына да су таяп қалған.

«Бізге бір бөлмелі пәтерді ұсынды. Бірақ менің отбасымда төрт бірдей адам бар. Біз бір бөлмелі тар пәтерге сыймаймыз. Барлық қиындықтар артта қалып, орнымен шешіледі деп сенеміз», – дейді Светлана Дроздова.

Әйелдің айтуынша, қалада қар шығару жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бірақ бірқатар тұрғындар жұмыстардың қыс бойы сылбыр жүргеніне алаңдағанын ашық айтты. Олар жүргізіліп жатқан жұмыстардың түкке тұрмайтынын, су баспау үшін өзеннің түбін тазарту керек екенін алға тартты.

«Қазір облыс әкімдігімен Жабай өзенінің жағасын тазарту және өзен арнасының түбін тереңдету шаралары жүргізіліп жатыр. Ол Желудинка өзенінен Жабай өзеніне дейін құятын сағасына дейінгі аумақ. Жоба аяқталу кезеңіне таяу. Бірақ әзірге дайын емес», – деді қала әкімі Марат Асқаров.

Ал әріптесін толықтырған облыс әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы су тасқынының алдын алуға облыстың тас-түйін әзір екеніне сенімді.

«Биылғы су тасқыны ерекше бақылауға алынған. Барлық қызметтердің жұмысы мен арнайы техникаларға түгелдей тексеріс жүргізілуде. Облыс су тасқынына толықтай әзір», – деді Асқар Мұратұлы.

Әрине, әзір болса екен дейсің… Өйткені, су тасқының орасан шығыны мен келтіретін зардаптары көпшіліктің есінен әлі шыға қойған жоқ.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img