spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
4.5 C
Kokshetau

Қазақстанға жаңартылған Toyota Camry келе жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Петербордағы зауыттан шығатын көлік жайлы мәлімет Росстандарт базасында жарияланды, дейді  kolesa.kz.

2017 жылы қаңтарда жарық көрген Toyota Camry XV70 АҚШ, Еуропа, Жапония, Қытай нарығында жаңартылды. Енді біздің «камриге» кезек келген сияқты.

Автоөндіруші машинаны әлі көрсеткен жоқ, бірақ техникалық жағынан қандай өзгеріс болатыны бізге мәлім. Себебі Camry таяуда ғана көлік құралының типін мақұлдайтын құжат алды.

Топтамада екі жаңа мотор пайда болған. Бұрынғы 6AR-FSE-нің орнын 2 литрлік M20A-FKS басады. Бұл агрегат та аралас бүрку функциясымен. Бойында 150 аттың күші бар, айналу моменті 192-ден 206 Нм-ге артқан. Қозғалтқыш 6 сатылы автоматпен емес, вариатормен жұптасады. Осылайша Camry-ге де сатысыз қорап орнатылатын болды.

2.5 литрлік қозғалтқыш та ауысты. Бұрынғы 2AR-FE-нің орнына енді A25A-FKS қойылады. Модель 2017 жылы АҚШ-та дәл осы мотормен ұсынылған. Қуаты 181-ден 200 ат күшіне, ал екпіні 231-ден 243 Нм-ге өсті. Инженерлер бұл жолы автоматты қалдырыпты, аталған мотор 8 сатылы қораппен жұмыс істейді.

Camry 3.5-тің қуаты артпады. V6 бұрынғыдай 249 ат күші мен 356 Нм айналу моментін береді. Толық жетекті және гибрид нұсқадағы көліктер ЕЭО елдеріне жеткізілмейді.

Түр-сипаты мен интерьеріне келер болсақ, еуропалық машинадан еш айырмашылығы жоқ. Седанға жаңа бампер мен оптика орнатылады, салонда Apple CarPlay, Android Auto-мен жұмыс істейтін 9 дюймдік планшет болады.

Жаңарған Camry-дің қашан көрсетілетіні белгісіз, дегенмен ол күн алыс емес сияқты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img