spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Тарих ізімен» облыстық көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

18 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау мақсатында құрылған «Ақмола дарыны» орталығы «Тарих ізімен» атты облыстық көрме байқау ұйымдастырды, деп хабарлайды «Aqmola News». 

«Ұлттық өнер – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі. Көрме-байқаудың өткізудегі мақсаты жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту және заман талабына сай түрлендіріп дамыту, жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды терең сіңіру болып отыр», – дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға облыстың 11 ауданы (Атбасар, Астрахан, Бурабай, Зеренді, Есіл, Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын, Шортанды, Сандықтау, Целиноград) мен Көкшетау қаласынан жалпы саны 57 жас өнерпаз қатысты. Қатысушылардың жұмыстары көрмеге қойылды, ал жұмыстарды қорғау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылған.
Атап айтқанда, «Құрақ көрпе: тоқыма бұйымдарды көркемдеп өңдеу» аталымы бойынша 29, «Шебер қолдар»: ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» аталымы бойынша 23, «Ұсталы ел озар»: металлды көркемдеп өңдеу» аталымында бойынша 5 жұмыс түскен.


Байқау жұмыстарын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы  – Бибігүл Захай,  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы –  Анар Әміржанова, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің сызу және бейнелеу өнері мұғалімі –
Гүлбану Бейсенбаева қазылық етті.

«Мен бұл жұмысты 8 наурыз мерекесіне анама арнап жасайын деп ойлағанмын. Сосын осы сайысқа жібердім. Жұмыстың аты «Бәйшешек гүл». Бұл жұмысты жасауға 3-4күн кетті, бұл гүлді жасауға жұқа түрлі түсті металлдарды пайдаландым. Мен гүл жасауды бұрыннан да қолға алғанмын басқа да жасаған гүлдерім бар олар мектепте көрмеде тұр. Гүлді жасағанда жасанды гүлден үлгі алып қағазға түсіріп, жұқа металлға жабыстырып қиып, арнайы тап салғыштармен бедерлеп, қалыпқа келтіріп жасадым. Гүлдің күлшесі жұқа қаңылтырдан жасалса, сабағын сымнан жасаймын. Осылай гүлдерді өңдеп арнайы лактармен лактап дайын қыламын, жасаған кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаймын. Болашақта бұданда күрделі гүлдерді жасаймын» – дейді Шортанды ауданы Новокубанка орта мектебінің 7сынып оқушысы. Абзалхан Худабай,


Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға көрме-байқауға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img