spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau

45 Целиноградтық отбасы пәтер кілттеріне ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданы Наурыз мерекесін қуанышты хабарлармен қарсы алуда. Бүгін аудан орталығы Ақмол ауылында 45 пәтерлі үйдің кілті салтанатты түрде иелеріне табысталды. Үй Нұр-сұлтан қаласының шет аймақтарын дамыту бағдарламасы аясында салынған,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмол ауылының тұрғындары Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбековтың қолынан пәтер кілттерін алды.
Жалға берілетін тұрғын үйді 2011 жылдан бері кезекте тұрған 45 отбасы алды. Бұл – көп балалы отбасылар, «халықтың әлеуметтік осал топтары», «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы азаматтар, әскери қызметшілер, бюджеттік ұйымның қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер.


– Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 45 жаңа иесіне кілттерді табыстау өте қуаныштымын – деп атап өтті аудан әкімі. – Жақында біз Қосшы ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 45 пәтерлік үйді тапсырдық. Бүгінгі таңда Ақмол ауылында тағы бір 45 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуда.

Осы бес қабатты 45 пәтерлі үй «Астана Коктем С» ЖШС салды. Пәтерлердің жалпы ауданы – 2 381,45 м2. Тұрғындар қазір жаңа пәтерлеріне кіре алады, барлық коммуналдық қызметтер: жылу, жарық, су бар.
Қазіргі уақытта Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге 1788 адам мұқтаж.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img