spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада 125 елдімекенді су басу қаупі төнді

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы қардың аса көп мөлшерде түсуінің салдарынан Ақмола облысының 125 елдімекеніне су басу қаупі төнген, деп хабарлайды «Aqmola News».

Әсіресе, Аршалы, Астрахан және Целиноград аудандарында көктемгі су тасқынының қаупі басымырақ. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп ұйымдастырған пресс-туры барысында мәлім болды. Шалғайда жатқан ауылдарға сапарға шығып өзен-көлдердің жағасында тұрған ауылдарды аралап шыққан журналистер өз көздерімен су тасқынымен күрес барысымен және шығын көлемін төмендетуге бағытталған жұмыстармен танысты.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше су тасқынына әзірлік өткен жылдың жазында-ақ басталып кеткен.

«Өңірдегі әкімдіктермен 43 елдімекендерде жалпы ұзындығы 47,1 шақырымға жететін су бұру каналдарын орналастыру, 5,2 шақырымдық бөгендерді нығайту, құм салынған жасанды дамбаларды көтеру, өзеннің арналарын тазарту, 50-ден астам су өткізу құрылғыларын жөндеу сияқты жұмыстар өткізілді. Жақын күндері 10 ауданда өзендер мен көлдерде мұздарды жару бойынша жарылыс жұмыстары басталады. Қазіргі таңда біздің жоба бойынша 125 елдімекенге су басу қаупі төніп тұр, – деп атап өтті ведомство бастығының орынбасары Қанат Доспаев.


Ауылдарды аралау кезінде тасқын су басу қатері аса жоғары тоғыз бірдей елдімекен орналасқан Аршалы ауданында су тасқынына қарсы арнайы шаралар ұйымдастырылғаны атап өтілді. Жібек жолы және Түрген ауылдарындағы инженерлік қорғау шаралары жоспарына сәйкес аула аумақтарының бөгендерін нығайту, Есіл өзенінің сағасын бойлай орналасқан бөгендерді көтеру, өзен арнасындағы су өткізу құбырларын жабайы өсімдіктерден және басқа да қоқыстардан тазарту жұмыстары қолға алыныпты.
Ауданда су тасқынының алдын алуға эвакуациялық волонтерлер де белсене араласуда. Халыққа тақырыптық жаднамалар таратып, болуы мүмкін эвакуациялық шаралар өткізу үшін азаматтар тұрғылықты жерлері мен қолда бар малдың санын анықтауда.
Целиноград және Астрахан аудандарында да көктемгі су тасқынына әзірлік қызу жүріп жатқаны байқалды. Мұнда су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында жағалауға бөгендер тұрғызылып, өзен жағасындағы талдар мен бұталарды кесу бойынша іргелі жұмыстар жүргізілуде.


Жалпы, облыс аумағында көктемгі елдімекендерден 443,3 мың текшеметр қар шығарылып, 11,6 мың тонна инертті материалдар мен 87,2 мың қапқа құм толтырылыпты. Мұнымен қоса, 1 мыңнан астам арнайы техникалар сақадай сай әзірленіп қойылыпты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img