spot_img
Сенбі, Тамыз 29, 2026
10.3 C
Kokshetau

«Көкшетау карантинге жабылады» деген ақпарат жалған болып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетау қаласы да коронавирус індетінің таралуына байланысты 26 наурыздан бастап карантинге жабылады-мыс», – деген ақпарат whatsapp әлеуметтік мессенджері арқылы көпшілікке тарап кеткені белгілі. Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина бүгін өткен брифинг барысында аталған жаңалықтың жалған екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

  • Барлық ақпараттарды тек ресми ақпарат көздерінен денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінің және біздің Ақмола облысының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің сайтынан бақылап отыру қажет. Біз барлық ақпаратты тұрақты жариялап отырамыз. Осыған дейін телеграмм каналында да сілтеме бергенбіз. Көкшетау қаласын карантинге жабуға қатысты ақпарат жалған. Көкшетау қаласына кіру және шығу шектелмейді. Өйткені бізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты. Фейк ақпараттарды жариялау қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жүктейтінін естен шығармау қажет, – деді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика