spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
3.8 C
Kokshetau

Тоқаевқа коронавирустың бар-жоғын жылдам анықтайтын қазақстандық тестті көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биотехнологияның ұлттық орталығында болып, онда коронавирус дертін дереу анықтауға мүмкіндік беретін қазақстандық тест жүйесін көрді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі «Ақорда» порталына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (ПЦР) негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен.

Қазіргі уақытта Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін және COVID-19 вирусының әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмыстарын бастап кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, Қазақстан ғылымының құзыретін арттыру үшін отандық әзірлемелердің маңыздылығын атап өтті.

– Шын мәнінде, бұл зертхана Қазақстан үшін бірегей саналады. Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті, – деді Мемлекет басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img